Түлкібас: X “Ақберен” республикалық өнер байқауы өтті

2023 жылдың 18 қазан күні Түлкібас ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Г.Оразбаеваның ұйымдастыруымен Абай атындағы МЛ-нің базасында аудандық “Ақберен” республикалық өнер байқауы өтті.

Байқауға барлық білім беру ұйымдарынан жалпы- 90 оқушы қатысты.

Байқаудың мақсаты : 8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауда шығармашылық қабілетін, өлең жазуын, тапқырлық қырын, дарынын танытуға қолдау көрсетіп, ары қарай дамуына жол ашу.

Байқау 6 номинация бойынша өтті : Шешендік білгірлік сайысы, Көркемсөз оқу, Эссе жазу, Ұлттық аспапта өнер көрсету, Ақындар айтысы.

Байқау жоғары деңгейде өтті. Оқушыларымыз үлкен дайындықпен келген.

Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі 1-орынды иеленіп, жеңімпаз атанған Өнерлі оқушыларымыз 2023 жылдың 24 қазан күні Түркістан қаласында өтетін облыстық кезеңге жолдама алды. Атап айтар болсақ, Шешендік өнер – Жайыкбек Элдана Абай ат.МЛ 9-сынып, Көркемсөз оқу-Сағындық Сұлтан Ю.Гагарин ат.ЖОМ 11-сынып, Эссе жазу- Жақсылық Нұрсаян А.Байтұрсынов ат.ЖОМ 10-сынып. Ұлттық аспапта өнер көрсету- Нұрмаханұлы Бексұлтан С.Сейфуллин ат.ЖОМ 10-сынып, Ақындар айтысы- Қуан Рамазан Абай ат.МЛ 10-сынып, Ақындар мүшәйрасы – Балқыбек Абзал Т.Рысқұлов ат.ЖОМ 10-сынып.

Дарынды оқушыларымызға сәттілік тілейміз!

ПІКІР ЖАЗУ