Түлкібас : “үздік авторлық бағдарлама” байқауы өтті

2023 жылдың 3 қараша күні Түлкібас ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен “Майлыкент ” ЖББМ базасында филология бағыты бойынша ( қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) білім беру мекемелерінің мұғалімдері арасында аудандық “Үздік авторлық бағдарлама” байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: пәндер бойынша таңдау курстарын, арнайы курстар, элективті курстар, оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын Үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін анықтау және тарату болып табылады.

Жұмыс презентация түрінде қорғалды, 7 минут уақыт берілді. Онда авторлық бағдарламаның элементтері, бағдарламаның түсіндірме жазбасы, мазмұны, авторлық бағдарламаның әдістемелік қамтамасыз етілуі қаралды.

Байқауда командалық бағдарламалар қарастырылмады.

Жеңімпаздарды анықтаудың жалпы өлшем шарттары бойынша тақырыптың өзектілігі, ұсынылған материалдардың жаңашылдығы және ерекшелігі, жұмыстың оқу-тәрбие үдерісінде қолдануға бағытталуы бойынша бағаланды.

Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орын алған педагогтер 2023 жылдың 9 қараша күні Түркістан қаласында өтетін облыстық кезеңге жолдама алды.

ПІКІР ЖАЗУ