Түлкібас: түсіндірме жұмыстары Састөбе кентінде

Түлкібас ауданының ТЖБ,АПБ, КазТрансАймақ Түлкібас бөлімшесі ,№ 29 ӨСБ қызметкерлері жылыту маусымына орай Састөбе кенті Тәуелсіздік көшесіндегі тұрғын үйлерді аралап,  газ қолдану, өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Тұрғындардың улы газдан улануын алдын-алу мақсатында халық көп шоғырланатын орындарды және көп қабатты тұрғын үйлерге арнайы табан тіреп, түсіндіру жұмыстары жүргізді. Арнайы дайындалған жарнамалар таратты. Мамандар өкінішті жағдайдың орын алуына жол бермеу мақсатында жаңа жылыту маусымы кезінде пештер және мұржаларды тазалау жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертті. Себебі, иіс тиюдің алдын алу үшін ең алдымен пеш дұрыс жұмыс істеуі тиіс. Тұрғын үйлерде газдан улану жуынатын орындарда газ колонкаларының орналасқанынан туындап жатады. Желдеткіштері дұрыс жұмыс істемейтіндіктен газ колонкаларының өзі адам өміріне қауіп төндіреді.    

Газбен улану қауіпті. Бір қарағанда болмашы тірлік болғанымен бұл талаптар орындалмаса, талайдың өмірін қиюы мүмкін. Сондықтан Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі  барлық азаматтарды өз өмірін сақтау жолында аса ұқыптылықпен қарауға шақырады. Қарапайым ережелерді сақтау  сіздің отбасыңыздың өмірін сақтап қалатынын ұмытпаңыздар.

ПІКІР ЖАЗУ