Түлкібас: “Тілім-тұмарым” атты аудандық жас ақындар іріктеу кезеңі

Түркістан облысының білім басқармасының Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінің оқушылары арасында «ТӨРТ ТОҚСАН-ТӨРТ ӨНЕР » ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында айтыс өнерін насихаттау мақсатында “Тілім – тұмарым” атты жас ақындар айтысы өтті. Айтысты өткізу мақсатымыз ауданымыздың дарынды оқушыларының ішінен жас айтыскер өнерпаздардың өнерін ашып, іріктеп алу. Ақындар өлең-жырды кенеттен суырып салма түрінде шығарады. Қазақ халық ақындарын оқушыларға таныстыру. Айтыс өнерін қадірлей білуге үйрету. Оқушының ой – өрісі мен дүниетанымын жетілдіріп, қазақтың атадан балаға мирас болып қалған айтыс өнерін бағалай білуге тәрбиелеу. Оқушыларға айтыс өнері туралы толық мағлұмат беріп, оның түрлерімен таныстыру. халық – ақындық жанр мен әншілік, ақындар, аспаптық орындаушылық арасындағы өзара байланысты ояту. Оқушылардың білімдерін жан – жақты дамыту. Ата – бабаларымыздың салт – дәстүрінен көп мағлұмат беру. Өткізіліп отырған айтыстың мақсаты да осы негізде.

Айтысқа қатысып, бақ сынасқан оқушылар көрсеткен өнерлеріне орай әділ-қазылар тарапынан бағаланды және бас жүлдені жеңіп алған Абай ат МЛ 10 -сынып оқушысы Қуан Рамазан 2023 жылдың 20 қазан күні өткізілетін облыстық ақындар айтысына жолдама алды.

ПІКІР ЖАЗУ