Түлкібас: рухани тәрбие шарасы жүргізілуде

Ағымдағы жылдың 03 қазан күні аудандық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырыс шеңберінде. Тастұмсық ауылдық округ тұрғындарына және О.Кошевой, М.Лермонтов, «Жаңаталап», С.Сейфуллин, Амангелді мектеп оқушыларының жоғарғы сыныптарына «Кереғар діни ағымдардың алдын алу мен діни толеранттылықты насихаттау» мен жалпы ауданымыздағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша «Ұлттық сараптамалық талдау орталығы» қоғамдық қорымен кездесулер өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты болашақ жастарымыз жат ағымдар жолына түспеу, деструктивті діни ағымдардың таралуына жол бермеу. Кездесу барысында жоғарыда айтылған мәселелер талқыланып, жиынға қатысушылар өз ойларымен бөлісті.

ПІКІР ЖАЗУ