Түлкібас: РISA халықаралық зерттеуі және ББЖМ-ге дайындау бойынша әдістемелік көмек көрсетілді

2023 жылдың 8 қараша күні Түлкібас ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі С.Абуова, бөлімнің бас маманы Б.Қилыбаев және әдістемелік кабинетінің әдіскері Р.Кункибаева  Дауан жалпы білім беретін мектебі және Б.Садықов атындағы жалпы білім беретін мектептеріне барып, мектеп оқушыларын  PISA халықаралық зерттеуіне дайындау және 4 және 9 сынып  оқушыларын  ББЖМ-не ( Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі ) дайындау  бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып, әдістемелік көмек көрсетті.

 Жұмыс барысында 2023-2024 оқу жылында 21 білім беру  ұйымы ББЖМ-ге түскенін және 6 білім беру ұйымдары желтоқсан айында PISA халықаралық зерттеуін тапсыратыны туралы, оған дайындық жұмыстары өз деңгейінде жүру керектігін, Мектепішілік жоспарға сәйкес атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат уақтылы өткізілуі тиіс екендігі туралы айтып өтті.

  Сонымен қатар, пән мұғалімдеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, алынған тесттердің нәтижелерін дер кезінде талдап, кемшіліктермен жұмыс жасау , АКТ бойынша анықталған проблемалармен жұмысты сапалы жасау керектігі туралы жан-жақты айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

ПІКІР ЖАЗУ