Түлкібас: педагог – психологтармен тәжірибелік семинар өтті
«Адамның үйлесімді дамуы Ұлттық институты» КЕ АҚ және Түлкібас ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері М.Құлмағамбетованың ұйымдастыруымен 2023 жылдың 11 желтоқсан күні Б.Момышұлы атындағы ЖББМ базасында барлық білім беру ұйымдарының педагог-психологтарымен «Білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықтың алдын алуда интербелсенді стратегияларды қолдану» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізді.
Семинардың мақсаты: Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған ден қою жөніндегі іс-қимыл алгоритмі және өзіне-өзі сенімді мінез-құлықты интербелсенді стратегияларды қолдану арқылы дамыту. Семинарға 40 әлеуметтік – педагог мамандары және 20 педагог-психолог қатысты.
Тәжірибелерімен бөліскен мамандар: Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы Г.Еркебаева педагогтармен “Педагог зорлық-зомбылықтың алдын алу кезінде интербелсенді стратегияны қолдану” тақырыбында коучинг, “Майлыкент” жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы А.Сарықұлова ата-аналармен “Жүрек жылуы” тақырыбында тренинг, Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы Б.Әбдіраим оқушылармен әлеуметтік – педагог мамандарын кіріктіре отырырып, “Мен ертеңіме сенемін” тақырыбында тренинг өткізді.
Семинар соңында қатысушылар арасында кері байланыс орнатылып, педагог-психологтар тәжірибелерімен өзара кеңінен бөлісті. Аталған семинарды жоғарғы дәрежеде ұйымдастыруда кәсіби шеберлігін көрсетіп, шығармашылығын шыңдауға қатысқан барлық педагог-психологтарға еңбекте шығармашылық табыс тілейміз!