Түлкібас: өзіңіздің және жақын адамдарыңыздың өмірін сақтаңыз!

Жылыту маусымындағы қауіпсіздік шаралары бойынша жұмысшы топ рейдттік түсіндірме жұмыстарын жалғастыруда….

Ағымдағы жылдың 3 қазан күні Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, арнайы жұмысшы топ Шақпақ баба ауылына қарасты Бағысбеков көшесі тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түсіндірме жұмыстарына аудан әкімдігінің дербес бөлім мамандары, аудандық төтенше жағдайлар және өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, учаскелік полицейлер және тиісті мекеме өкілдері тартылды.

Нәтижесінде 300 үй араланып, қауіпсіз шаралары көрсетілген 800 дана ескертпе парақшалары таратылды.

Түлкібас ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

ПІКІР ЖАЗУ