Түлкібас: мерейлі отбасы «Шаттыққа толы шаңырақ» байқауы

Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығының» КММ-нің ұйымдастыруымен 25-қазан Республика күніне орай, «Шаттыққа толы шаңырақ» байқауы басталды.

Байқаудың негізгі мақсаты – Республика күніне орай, Түркістан облысының жас отбасылары арасында атап өту, насихаттау, республикалық мереке ретінде дәріптеу. Жастар мен жас отбасылар арасында салауатты өмір салтын дәріптеумен, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу мен жарыстар арқылы отбасы мүшелерін өзара түсіністікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу болып табылады.

Байқауды Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» КММ-нің басшысы Ернар Нұралыұлы ашып беріп, қоғамдағы отбасы роліне тоқталды.

Жалпы байқауға облысымыздың 17 аудан, қаласынан жас отбасылар қатысуда. Отбасылар байқаудың алғашқы күні толағай сайысына қатысып, сынға түссе, екінші күні отбасылар өз өнерлерін көрсетеді.

Жарысқа қатысушы отбасылардың отағасылары, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, олардың отбасындағы түрлі мәселелерді шешуға бағытталған шаралар жасалып жатқандығы қуантатынын жеткізді. Бұл сайыстың да жас отбасылар үшін тәрбиелік мәні зор екендігін айтуға болады.