Ағымдағы жылдың 23 қазан күні Майлыкент ауылдық округінің әкімі Қ. Ахметов төрағалық етуімен және бас маман М.Муханның аппарат қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмыс үшін жауапкершілікті көздейтін заңнаманы түсіндіру бойынша жиын өткізілді.
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы А.Жұмағалидің 2023 жылғы 29 тамыздағы
№ 270 бұйрығына сәйкес, Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу қағидасы бекітілді.
Егер азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган,яғни Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) сыбайлас жемқорлық қылмыс туралы хабарласа, онда ол айыптау үкімі шығарылғаннан кейін пара сомасының 10%-ын ала алады.
Әзірленген ережелерге сәйкес пара немесе келтірілген залал сомасы не ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер құны 1 000 АЕК-тен аспайтын сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша сыйақы сомасы қылмыс санатына байланысты 30-дан 100 АЕК-ке дейін құрайды. Егер пара немесе келтірілген залал сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1 000 АЕК-тен асса – сыйақы сомасы көрсетілген соманың 10%-ын құрайды, бірақ 4 000 АЕК-тен аспайды.
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлауды;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді;
3) кейіннен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін маңызы болған өзге де жолмен жәрдемдесуін қамтиды.
Көтермелеу әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген, сондай-ақ айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда жүзеге асырылады.
Қосымша ақпараттар : https://fb.watch/n7xcW7wc2T
