Түлкібас: Майлыкент ауылының әкімі ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді

4 қазан күні, Т.Рысқұлов ауылындағы мәдениет үйінде, Майлыкент ауылының әкімі Кайрат Ахметов ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.

 Халықпен кездесуде ауыл әкімі «Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы жылдың IІІ-тоқсанында атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары» туралы баяндамасын жасап,кездесу барысында қойылған сұрақтарға ауыл әкімі және жауапты сала мамандары , көтерілген мәселелердің шешу жолдарын қарастыратынын айтып өтті.

 Бұл жиында “АУЫЛ” партиясынан ұсынылып, бір мандатты округтен аудандық мәслихатқа сайланған депутат Оспан Кульбаев сөз алып,сайлауалды бағдарламасының орындалуы жөнінде хабарлама жасады. Сонымен қатар депутат аудандағы тазалық мәселесіне бәріміздің атсалысуымыздың керектігін атап өтті.

ПІКІР ЖАЗУ