Түлкібас: Халыққа қалтқысыз қызмет еткен азаматтарды марапаттады
Жуырда ардагерлер мен жеке құрам қызметкерлері марапатталды. Түркістан облысына қарасты Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Алмас Серікбаев, еңбегі елеулі, халыққа қалтқысыз қызмет еткен азаматтарды марапаттады. Нақтырақ айтсақ, Түлкібас аудандық полиция бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Сауранбек Таңатбаев, кеңес мүшелері, ардагерлер Бағазы Бейсалиев, Жұмағұл Омаров, Бауыржан Бүркітбаевтарды зейнет жасына шықса да, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, аудан қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз еткендері үшін «Алғыс хатпен» марапаттады. Сонымен қатар жеке құрам қызметкерлерінің арасында мінсіз қызмет еткені үшін 25 қызметкер марапатталды.
Яғни полиция қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыру, жас қызметкерлерге кәсіби біліктілігін көтеруге көмектесу, шұғыл қызметте өздері өткен қызмет жолының тәжірибесін беру, тәртіп сақшыларының моральдық-психологиялық жағдайын жақсарту, патриоттық сезімдерін көтеру мақсатында баяндамалар жасалып, дәрістер өткізілді. Осылайша мерейлі мереке пайдалы ақыл-кеңестерге толы кездесумен жалғасты.