Түлкібас: бірлескен рейдтік іс-шаралар жалғасуда!
Түлкібас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға өрт сөндіру қызметінің мамандары мен аудандық полиция инспекторлары, Майлыкент ауылдық округі әкімдігі, «ҚазТрансГаз» шаруашылығы, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы қызметкерлері және еріктілер қатысты. Шара барысында аталған топ мүшелері жылу беру кезіндегі өрт қауіпсіздігін және газдан уланудың алдын алу мақсатында Т.Рысқұлов ауылы, Биназар батыр көшесіндегі тұрғын үйлерде рейдтік іс-шаралар жүргізді.
Рейд барысында 2108 адамды қамтитын 527 үй араланып, тұрғындарға газбен жылытылатын жылыту қазандықтары мен қондырғыларды пайдалану кезінде газдан уланудың алдын алу қауіпсіздігі түсіндірілді. Қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша 1800 дана жаднама табысталды.
Құрметті аудан тұрғындары!
Үй ішінде, жуынатын бөлмеде жылыту газ колонкалары мен ирандық үлгідегі камен пештерін пайдалануға қатаң тиым салынады.
Өз қауіпсіздіктеріңіз үшін пеш, газ жылыту қазандығы болсын мұржалардың тартуын газ шаруашылығы мамандарына тексертіңіздер.