Түлкібас ауданының орталық спорт алаңында Түркістан облысы әкімінің кубогы үшін шағын футболдан дәстүрлі облыстық аймақтық жарыс өтті

 Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының 2022 жылғы 12 қарашадағы 324 санды бұйрығына сәйкес, Түлкібас ауданының орталық спорт алаңында және Қожамберді елдімекеніндегі заманауи спорт  алаңында  Түркістан облысы әкімінің кубогы үшін шағын футболдан дәстүрлі облыстық аймақтық жарыс өтті.

  Жарысқа Бәйдібек,  Төлеби, Түлкібас аудандарының  мектептерінен 5-6 сынып, 7-8 сынып, 9-11 сынып оқушыларының (ұлдар) құрама командалары қатысты.

Жарыстың мақсаты: балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, оқушыларды дене шынықтыру және спортпен тұрақты шұғылдануға тарту,  шағын футболды Түркістан облысында танымал ету және дарынды ойыншыларды анықтау. Талапқа сай безендірілген  спорт алаңдарында  төрешілердің бекіткен кестесіне сәйкес , жас аяқ допшылар жақсы дайындық көрсетіп, футбол жанкүйерлері алғысына бөленді.                   

Жарыс ойындарының қорытындысы бойынша 5-6 сыныптар арасында  1- орынды – Түлкібас ауданы, 2-орынды – Төлеби ауданы, 3 орынды – Бәйдібек ауданы, 7-8 сыныптар арасында 1-орынды –  Түлкібас ауданы, 2- орынды  Бәйдібек ауданы, 9-11 сыныптар арасында 1-орынды  Түлкібас ауданы, 2 – орынды – Бәйдібек ауданы жеңіп алды.

Аймақтық жарыстан   Түлкібас ауданының 3- топтағы  командалары  облыстық кезеңге жолдама алды. Құрама командаларды жарысқа дайындаған Ю.Гагарин атындағы ЖОМ дене шынықтыру пәні мұғалімдері  Н.Сарбасов, Н.Бейсеитов, А.Тналиев, Т.Рысқұлов атындағы  ЖОМ дене шынықтыру пәні мұғалімі С.Жаналиев, Тұрар ЖОМ дене шынықтыру пәні мұғалімі Д.Сұлтанқұлов, С.Сейфуллин атындағы  ЖОМ дене шынықтыру пәні мұғалімі  М.Мамыров және жарыстың төрешілер алқасы Ю.Гагарин атындағы ЖОМ дене шынықтыру пәні мұғалімі С.Жауылбаев,  Т.Рысқұлов атындағы  ЖОМ дене шынықтыру пәні мұғалімі  Д.Сағындықов, С.Сейфуллин  атындағы ЖОМ дене шынықтыру пәні  мұғалімі О.Пернебек зор үлес қосты.

Аймақтық  жарыстың жеңімпаз командаларын,  үздік ойыншылар мен жаттықтырушыларды облыстық білімді дамыту орталығының дене шынықтыру және спорт бөлімінің  меңгерушісі О. Оспанов және орталық қызметкерлері  марапаттады. Алдағы Бүкіл түркі әлемінің рухани астанасы- Киелі Түркістан қаласында өтетін  облыс әкімінің кубогы үшін жарыста ауданымыздың  оқушылары жер жәннаты  Түлкібастың намысын абыроймен қорғайтынына сеніміміз мол.

 Алға , Түлкібастың тарландары! Алға , Қазақстан !

ПІКІР ЖАЗУ