Түлкібас ауданындағы 21-25 қараша аралығында атқарылған жұмыстарға апталық шолу

 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінде аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинеті әдіскері М. Кулмаганбетованың  ұйымдастыруымен “PISA халықаралық зерттеу жұмыстары бойынша психолог мамандарының міндеті”  тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 «Алғабас-1» шағын жинақты жалпы орта мектебінде Түлкібас аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері А.Бурлибаеваның ұйымдастыруымен мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» тақырыбында аудандық семинар өтті.

 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.

 Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінде  Түлкібас аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері А.Бурлибаеваның ұйымдастыруымен жоспарға сәйкес  «Қоғамның әлеуметтік жаңғыруы жағдайында мектептегі тәрбие жұмысын жоспарлау, басқару  және жобалау» тақырыбында аудандық  тәлімгерлер семинары өтті.

I -тоқсан нәтижесінің талдау жұмыстарына сәйкес білім беру ұйымдарының білім алушыларының білімін толықтыру және олқылықтарды жоюға арналған іс – шара жоспары негізінде А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектептің ағылшын тілі пәні педагогтеріне Түлкібас аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері

Н. Шолтаеваның ұйымдастыруымен әдістемелік көмек көрсетілді.

Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері М.Кулмаганбетованың жылдық жоспарына сәйкес Ш.Уалиханов атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп базасында «Білім беру сапасын арттыру құралы ретінде оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық технологияларын кешенді пайдалану» тақырыбында  ауданымыздың педагог-психологтарымен тәжірибелік- семинар өттті.

 25 қараша күні Түркістан  облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Түлкібас аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі арасындағы өзара меморандум негізінде М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының базасында “Түлкібасқа Кентаудан қолдау”  атты семинар өтті.

25 қараша күні А.Макаренко атындағы жалпы орта мектебінде “Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз”атты ата-аналармен бірлескен эстафеталық “Толағай”спорттық жарыс өтті.

ПІКІР ЖАЗУ