Түлкібас ауданында жыл басынан бері 195 кәсіпкерлік жоба қаржыландырылған

Түлкібас ауданында ағымдағы жылдың басынан бері жалпы ауылдық округ, кент тарапынан 250 жоба қаржы ұйымдарына ұсынылған болса, соның бүгінгі таңда 195-і жеңілдетілген пайыздағы несиемен 1 млрд. 620 млн.теңгеге қаржыландырылып отыр. Сондай-ақ, бүгінде 10 жобаның құжаттары кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен сүйемелденуде.

Бұл туралы бүгінгі аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ұлас Әлімбаев мәлімдеді.

Сонымен қатар, жауапты бөлім басшысының айтуынша үстіміздегі жылдың 8 ай қорытындысымен аудан аумағындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің саны 9767 бірлікке жеткен.

Бұдан бөлек лездемелік жиында аудан аумағындағы жолдардың қысқа дайындық мәселесі және арыз-шағымдарың орындалу барысы қаралды.

Басқосуды қорытындылаған аудан әкімі ауыл әкімдіріне әр округтен жаңа кәсіпкерлік нысаның ашу бағытында берген тапсырмасының орындалу барысын саралап, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру бойынша біршама тапсырма жүктеді. Кәсіп ашып, өз ісін дөнгелетемін деген азаматтарға Заң талаптарына сай барлық қолдаулар көрсетілетіндігін жеткізді.

Әкімдікке қарасты барлық дербес бөлім басшылары мен округ әкімдеріне тұрғындардан түскен өтініштерге дер кезінде жауап беріп, қанақаттандыру мақсатында атқарылу қажет жұмыстарды сапалы орындау керектігін қатаң ескертті.

Ауыл әкімдеріне жолдарды қардан тазалайтын техникалар мен көк тайғаққа қарсы себілетін энертті материалдардың қазірден дайын болуын пысықтауды тапсырып, жауапты бөлім басшысына өз бақылауында ұстауды жүктеді.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ