Түлкібас ауданында ұлт қайраткеріне арналған конференция

 “Тілсіз ұлт – тамырсыз ағаш” деген артында  өрелі сөз қалдырған А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына  арналған Түлкібас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Тастұмсық ауылдық кітапханасы және Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ұйытқы болуымен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” МКМ-ның  Түлкібас аудандық филиалы,  М. Лермонтов ЖОМ, Тастұмсық ауыл әкімдігі, Түлкібас аудандық түрік этнос орталығының  қолдауымен “Ұлт ұстазы” атты ғылыми -танымдық конференция болып өтті.  Конференция модераторы  Тастұмсық ауылдық кітапханасының кітапханашысы – Топанбай  Мейірхан Мейрамбекұлы болды. Конференцияда құттықтау сөз сөйлеген   

– Ұлттың ардағына арналған іс-шараның жас ұрпаққа берері мол, кітапхана ұжымы әрдайым ұлыларды ұлықтаудан танбауы қажет. Өйткені, руханият жаршылары. Біздің білікті ұстаздар қауымы мен кітапханашылардың байланысы – оқушылар үшін маңызды. Ал, Ахмет Байтұрсыновтың мерейтойы келер жылы да жалғасады.  Ұлттың түп қазығы – тілін дамытуға бар саналы ғұмырын арнаған тұлғаның аты ғасыр жасайды”  -деп, Түлкібас  ауданының  адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері – Оразбаева Гүлдана ұйымдастырушыларға  алғысын жеткізді.

Екінші құттықтау сөз алған түрік этнос орталығының төрағасы Жұмабек Абилов:

“Ахаңды ұмыту- тарихты ұмыту. Осы жиынның басты мақсаты – ұлт болмысын сақтауға өмірін сарп еткен Ахметтің ісі өлмейтіндігін дәлелдеу. Осы конференцияға ат терлетіп қаладан келген – Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры – Рабиға Әбдімұсақызы мен ұжымына жерлестердің атынан алғыс білдіремін” – деп ізгі тілегін жеткізді.

Үшінші құттықтау сөз сөйлеген Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы тәрбие ісі жөніндегі проректоры Садықов Берік :

– Өлмес өнегелі ғұмыр иесін ұлықтау үшін киелі құтты мекен – Түлкібаста, Тастұмсық ауылында ғылыми-танымдық конференцияға келіп отырмыз. Бұл – ұлт қайраткеріне деген құрмет. Жазықсыз саяси қуғын- сүргінге түскен Ахаң жайлы талай жиын өтеді. Өйткені, ол – ұлт мақтаны” деген ойын ортаға салып, университет ректоры Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті ректоры Р. Ә. Қуатбекованың құттықтау хатын жеткізіп, университеттегі Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойының қалай  аталып жатқаны жайлы мәлімет беріп өтті.

Конференцияда Абай мектеп -лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі –  Бақытжанова Набира “Ахаң жайлы бірер сөз”, Жастар ресурстық орталық орталығының қызметкері – Зиябек Дияс “Ұлт бағдарын айқындаған тұлға хәм реформатор”,  С. Сейфуллин атындағы ЖОМ оқушысы – Хасанова Арзу  “Өнегесі өлмес өсиет сөздер” , Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті “тарих” кафедрасының меңгерушісі ,тарих ғылымының кандидаты, доцент – Кемелбеков Қынатбек Бердалыұлы ” Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тарихындағы тағылымды істері”, жерлесіміз  ғалым  -Шамшилов Алзада Абоұлы “Тілдің қуаты және ойдың қуатын жетілдірудегі Ахмет Байтұрсынов рөлі”,  Ә. Қуатбеков Халықтар достығы университеті тілдер кафедрасының оқытушысы -Тотанов Нұрлан Қарсыбайұлы  “Әдебиеттің дамуындағы Ахаңның қолтаңбасы”, Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің тәрбие бөлімінің маманы –  Данияр Қожабек Жомартұлы “Жастарға сенім немесе Ахмет Байтұрсынұлынның жастарға арнаған өсиеті”, Ахмедов  Рустам” Өрлігімен бүгінге жеткен өр тұлға” атты  тақырыбындағы  баяндамаларымен таныстырды. Әрі конференция   рухани әңгімемен  өрбіп,  М. Лермонтов ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі – Байрамова Фарида , Түлкібас аудандық тілдерді дамыту және  оқыту орталығының маманы  – Рауза Теміртасқызы, Аманкелді НОМ кітапханашысы – Аман Құндызай, О. Кошевой ШЖЖОМ кітапханашысы – Османова Тамаша, М. Лермонтов ЖОМ кітапханашысы – Маргуль Бекетбаева, А.Пушкин АТМЛ  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі – Бердиханова Жадра Курмангазыевна, О. Кошевой ШЖЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі  -Асия Құмарқызы,  Тастұмсық ауылдық кітапханасының кітапханашылары – Баймұханбетова Гүлазима мен  Топанбай Мейірхан белсене өз ойларын ортаға салды.

Іс-шара соңында,  Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” МКМ Түлкібас аудандық филиал басшысы А. Нұранов өткір ойларын білдіріп, ұлт ұстазына қатысты бірнеше деректерді әр азамат білуі тиіс деп, санамалап тұрып түйсіндіруге тырысты. Конференция соңында қатысушыларға Түлкібас аудан әкімі Н. Байғұттың, Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы ректоры – Рабиға Әбдімұсақызының, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” МКМ Түлкібас аудан филалының басшысы А. Нұрановтың алғыс хаттары табыс етіліп, қонақтар Тастұмсық ауылдық  кітапханасы мен М. Лермонтов ЖОМ кітапханасына кітап сыйлады. Ал, қонақтарға мектеп және ауылдық кітапхана ұжымы Түлкібастың бас ақыны – Әбдібек Аралбайұлының екі дана  кітабын сыйға тартып, қонақтарға кұрмет көрсетті.

ПІКІР ЖАЗУ