Түлкібас ауданында “Тұрмыс” акциясы өтті

Түлкібас ауданы аумағында тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша ” ТҰРМЫС ” жедел профилактикалық іс шарасы ағымдағы жылдың 24-30 қаңтар аралығында өтуде. Акцияның мақсаты: отбасындағы озбырлықтың жолын кесу, алдын алу, отбасы құндылықтары, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңгерлік кеңес беру және дағдарыс орталықтары мен сенім сымтетіктерінің бар екені жөнінде халыққа хабарлау болып табылады. Іс шара барысында жайсыз отбасылармен қорғау нұсқамасына алынған отбасылар тексеріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Отбасындағы зорлық-зомбылық бұл қылмыс!

Отбасында кікілжің тудырғандар, әлсіздерге жәбір көрсеткендер заң алдында әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сондықтан жақындарыңызға жанашыр, қорған болыңыз! Егер, сіз отбасылық зорлық зомбылықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз 102 нөміріне немесе Түлкібас АПБ сенім телефоны: 52-538 хабарласыңыз.

ПІКІР ЖАЗУ