Түлкібас ауданында «Қыс-2022» оқу-жаттығуы аясында азаматтық қорғаныс қызметтерінің күш құралдары мен техникаларының қыс мезгіліндегі дайындық шаралары пысықталды

Ағымдағы жылдың 24 қараша күні «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау»  мақсатында Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен  ” Қыс-2022 ” Республикалық командалық штабтық оқу жаттығуы өтуде.

Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Б.Ахметов және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Б.Әзімбаев ауданымыздың азаматтық қорғаныс қызметтерінің күш құралдары мен техникаларының және жүктелген міндеттерін орындауға  дайындықтарын саптық байқау жасап тексерді. 

“Қыс-2022 ” Республикалық командалық штабтық оқу жаттығуы қараша айының 24-25  күндері  өтуіне орай  азаматтық қорғаныс қызметі  кезекшіліктің күшейтілген  ауысымына көшті.  Шұғыл штаб Түлкібас ауданының ТЖ бөлімінде құрылып, қазіргі уақытта оқу жаттығу ұйымдастырушылық нұсқаулығы бойынша  жұмыстар  атқаруда.

Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

ПІКІР ЖАЗУ