Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түлкібас ауданында көлік жолдарын қысқы мезгілге дайындау жұмыстары жүргізілуде

Түлкібас ауданында көлік жолдарын қысқы мезгілге дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен, Түлкібас аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысы азаматтық қорғау подполковнигі Б.Әзімбаев, Түлкібас АПБ Жол және Техникалық инспекция тобының аға инспекторы полиция подполковнигі Ә.Қарақұлов, Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Бейсеев болып, «ҚазАвтоЖол» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалына, «EVRASKON» ЖШС-не, «Оңтүстік жолдары» МКК-нің қысқы дайындық жұмыстары бойынша аралау жұмыстарын жүргізді.

Жалпы Аудан аумағында жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 841,1 шақырымды құрайды.

Оның ішінде:

Республикалық маңызы бар — 59 шқ

Облыстық маңызы бар — 242,9 шқ.

Аудандық маңызы бар жолдар – 96,6 шқ.

Елді мекен көшелері — 442,6 шқ.

Аталған автомобиль жолдарын қыс мезгілінде қардан тазалау, инертті материалдары және техникаларын көріп нәтижесінде «EVRASKON» ЖШС-не қосымша техника санын қосуды атап өтті.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында 280 жұмысшының жалақы қарызы өндірілген

admin

Ұлы Отан соғысының ардагері Анартаев Ахмеджан өз таңдауын жасады

admin

Байқау басталды: Қазақстандықтар АЭС-ке атау бере алады

admin