Түлкібас ауданында көлік жолдарын қысқы мезгілге дайындау жұмыстары жүргізілуде

Ағымдағы жылдың 11 қараша күні аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен, Түлкібас аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысы азаматтық қорғау подполковнигі Б.Әзімбаев, Түлкібас АПБ Жол және Техникалық инспекция тобының аға инспекторы полиция подполковнигі Ә.Қарақұлов, Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Бейсеев болып, «ҚазАвтоЖол» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалына, «EVRASKON» ЖШС-не, «Оңтүстік жолдары» МКК-нің қысқы дайындық жұмыстары бойынша аралау жұмыстарын жүргізді.

Жалпы Аудан аумағында жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 841,1 шақырымды құрайды.

Оның ішінде:

Республикалық маңызы бар – 59 шқ

Облыстық маңызы бар – 242,9 шқ. 

Аудандық маңызы бар жолдар – 96,6 шқ.

Елді мекен көшелері – 442,6 шқ.

Аталған автомобиль жолдарын қыс мезгілінде қардан тазалау, инертті материалдары және техникаларын көріп нәтижесінде  «EVRASKON» ЖШС-не қосымша техника санын қосуды атап өтті.

ПІКІР ЖАЗУ