Түлкібас ауданында “БОРЫШКЕР” іс-шарасы өтуде

Түлкібас ауданы аумағында ағымдағы жылдың 21-25 қазан аралығында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – аудан көлемінде анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша салынған әкімшілік айыппұлды ерікті түрде және мәжбүрлі түрде өндіру жұмысын жандандыру.

Шара барысында Түлкібас ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жеке сот орындаушыларымен бірлескен жұмыстар атқарып, әкімшілік айыппұлды төлеуден жалтарып жүрген құқық бұзушыларды анықтап, олардан салынған әкімшілік айыппұлдарды толық өндіру жұмыстары жүргізілуде.

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ

ПІКІР ЖАЗУ