Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түлкібас ауданында 21 елдімекеннің ішкі көшелері толық жарықтандырылды

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 10 айдың қорытындысы бойынша өткен брифингте Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт айтты.

– Аудандағы 61 елдімекеннің 59-ы, яғни 99,8 пайыз орталықтандырылған ауызсу құбырымен қамтамасыз етілді. Оның ішінде 28-і тік ұңғыма көздерінен, ал қалған 31-і бастау көздерінің ауыз суын пайдалануда. Қалған 3 елдімекен таулы аймақта орналасқан бұлақ суын пайдаланып отыр. Ал электр қуатымен толық қамтамасыз етілді. Газбен қамту көрсеткіші 99,8 пайызға жетті. Ондағы 1 елдімекеннің газ құрылысы келесі жылға өтпелі, — деді Нұрлан Мархабатұлы.

Спикердің сөзінше, «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Шақпақ, Балықты және Жаскешу ауылдық округтерінің 22 ішкі жолына жөндеу жұмыстары іске асуда. Балықтыдағы 13 көше толық жөнделіп, ел игілігіне пайдалануға берілген. Шақпақ ауылындағы 7 көше мен Жаскешу ауылындағы 2 көшенің жөндеу жұмыстары келесі жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен 8 елдімекеннің 15 көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары іске асуда. Оның 9,7 шақырымды құрайтын 11 көшесі толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Ал 4,1 шақырымды құрайтын 4 көше келесі жылы аяқталады.

Айта кетейік, аудан тұрғындарының өтінішіне сәйкес, 21 елдімекеннің ішкі көшелері толық жарықтандырылды. Олар — Шұқырбұлақ, Ынтымақ, Еңбек, Енбекші, Қызылбастау, Көксағыз, Махталы, Ақбиік, Құлан, Састөбе, Майтөбе, Т.Рысқұлов, Қарағашты, Мыңбай, Жабағылы, Тастыбұлақ, Түлкібас кенті,Тастұмсық, Қарабастау, Жаскешу, Көкбұлақ.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында 14 жастағы жүкті болған қызға қатысты тың дерек шықты

admin

Ақтауда «саяси тұтқынды» босатуды және Жаркенттегі қайғылы оқиғаны әділ тергеуді талап еткен бірнеше адамды полиция ұстап әкетті

admin

Қарағанды облысында 82 жетім мен жүздеген мұқтаж жанға пәтер берілді

admin