Түлкібас ауданы әкімінің құттықтауы

 

Құрметті Түлкібастықтар!

Баршаңызды бүгінгі тарихи мәні зор, мерейлі мереке – 30 тамыз Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздің Ата Заңы мемлекетіміздің жетістіктерінің кепіліне айналды. Біз бүгін еліміздің Ата Заңының арқасында еркін еңбек етіп бейбітшілік пен ынтымақтастықта өмір сүру құқығына иеміз.

Алайда уақыт бір орнында тұрмайды. Сол мақсатта заман ағымына сай алға қарай ұмтылып, жылжуымыз қажет. Біздің ендігі бағытымыз, бағдарламамыз дамыған елдердің қатарына ену. Мәңгілік елге айналу. Өркениетті ел болу.

Сонау Тәуке ханның тұсындағы «Жеті жарғыдан» бастау алатын Ата заңымызға бүгінгі күнге дейін түрлі өзгерістер енгізілді.

Өздеріңізге мәлім, биылғы жылы мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлының бастамасымен Ата Заңның 33 бабына өзгерістер енгізіліп, 5 маусым күні жалпыхалықтық референдум өткізілді. Оны республика азаматтары бірауыздан қолдап, оң пікірлерін жолдады.

Жаңа Қазақстанға бет бұрған елімізде алдағы уақытта әкімшілік және құқықтық реформалар, жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту, әлеуметтік бағдарламаларды жаңғырту бағытында көптеген өзгерістер орын алмақ.

Ауданымызда биылғы жылы халық саны өсуіне байланысты шалғай ауылдарда жаңа мектептер, мәдениет үйлері мен медициналық нысандар салынып, жолдар мен каналдар жөнделіп, абаттандырылуда. Тұрғындардың демеушілігімен спорт алаңшалары, ауыл атаулары жазылған стеллалар жаңаруда. Өткен жылы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығында кезек тізімінде тұрған жандарға жер телімі берілді. Бұр үрдіс алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Татулық пен ынтымақтастық еліміздің басты құндылығы. Халқымызда «Ырыс – ынтымаққа жолығады, дәулет – бірлікпен толығады» деген қанатты сөз бар. Сондықтан мемлекетіміздің дамуы мен халықтың тұрмыс деңгейінің артуы –осы біздің ауызбіршілігіміздің арқасы. Кешегі қиын –қыстау кезде ауызбіршіліктің арқасында тәуелсіздігімізді сақтап қалдық. Бұл жөнінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Осы күндерде жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді. Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекеттімізді қорғап қалдық», – деді. Осыған орай, өркениетті ашық қоғам қалыптастыру жолына қадам басқан еліміздің болашағы жарқын, тәуелсіздігі мәңгі болсын дегім келеді.

                Құрметті жерлестер!

Сіздерді тағы да Конституция күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Осыған орай Ата Заң аясында тату – тәтті өмір сүріп жатқан ұлттардың татулығы мен бірлігін сақтап, тәуелсіз еліміз үшін аянбай еңбек етейік.                                                                                              Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға құт – береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Құрметпен, Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан БАЙҒҰТ

ПІКІР ЖАЗУ