Түлкібас: аудандық семинар өтті

Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты “Түркібасы” жалпы білім беретін мектеп базасында 2023 жылы 27  қараша күні  “Ұлттық құндылықтарға негізделген: Біртұтас тәрбие бағдарламасын” іске асыру шеңберінде «Балаларды тәрбиелеудегі отбасының рөлін арттыру,  ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамыту” тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар болып өтті.

Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

Семинар Х. Юсупалиевтың “Қызықты әлемге саяхат” тренингімен  келушілерді ерекше көңіл-күймен қарсы алуымен басталды.

Сатпаева Г.А. 8 “Б” сынып “Ұлы даланың ұлтаралық тілі мемлекеттік тілді оқытудың озық әдіс-тәсілдерін көрсету”, Абжапарова Б.С. 5 “А” “Мағжан Жұмабаевтың туғанына – 130 жыл”, “Атабаева Д.У. 3 “Б” сынып “Сіздің балаңыз жаяу жүргінші”, Турлыбекова А.С. 11 “А” сынып ” Толық адам ілімі”, Нуржигитов Е.С. 9 “А” ” Әкем айтқан нақыл сөз” дөңгелек үстел”, Миразизова Д. М. 7 “А”,  “Дара тұлға-Бейбарыс” әдеби-вернисаж, Мирхаликова Х.М. “Әкеге – ізет, анаға – құрмет”, Перметова С.М. 11 “Б” “Отбасылық дәстүр” тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өтті.

Мирхаликов М. М. “Салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы” спорттық іс-шара, Сартаев Т.П. және Ботамбаева М.Ж. ұлттық құндылықтарға негізделген концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Семинарға қатысушы педагогтер өткізілген сабақтарға өз ұсыныстарын айтты және диалогтік алаң жүргізілді.

ПІКІР ЖАЗУ