Түлкібас: аудандық пікірсайыс турнирі өтті
Түлкібас аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен және аудандық білім бөлімінің ықпалымен Республика күнінің 25 жылдығы аясында “Тұғырлы Түлкібас” тақырыбында аудандық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге аудандағы білім беру мекемелерінен 8 команда қатысты. “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Н. Бердібек қатысушы жастарға пікірсайыс алаңында сәттілік пен жеңіс тілеп, ыстық ықыласын білдірді.
Сайыс қорытындысымен үздік фракциялар;
1-орын А. Асқаров ЖОМ “Элегант” фракциясы,
Сертификат: 50 000 теңге.
2-орын Ломоносов ЖОМ “Кездесу сайын креатив” фракциясы;
Сертификат: 30 000 теңге.
3-орын Б.Момышұлы ЖОМ “Заман біздікі” фракциясы;
Сертификат: 20 000 теңге
қаржылай марапатталды.
Өзге белсенді қатысқан топ көшбасшылары алғыс хаттармен және түрлі номинациялармен марапатталды.