Түлкібас аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің IV-і тоқсандағы отырысы өтті

 Қараша айының 29-шы жұлдызында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Түлкібас аудандық филиалының ұйымдастырумен аудандық кәсіпкерлік мектебінің мәжіліс залында Түлкібас аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің IV-і тоқсандағы отырысы өтті. Аталған отырысқа Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Түлкібас аудандық филиал ұжымы, Түлкібас аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы мен мүшелері қатысты. Аталған жиынды аудандық Қоғамдық келісім кеңесі төрағасы Анашев Қалаубек ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде басты қаралған мәселе:

  1. Түлкібас аудандық аурухана ұжымының аудан халқына медициналық қызмет көрсету деңгейі: (жедел жәрдем, поликлиника, емхана, аурухана, елді мекендерде орналасқан пункттері).
  2. «Тұғырлы отбасы – бақытты балалық шақтың бастауы»

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Түлкібас аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Ақылбаева Жансұлу Маяковна  МКК ШЖҚ Түлкібас аудандық орталық ауруханасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазанындағы

№ 725 қаулысымен бекітілегн  «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін  сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасына байланысты, Түлкібас аудандық орталық ауруханасында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Сондай-ақ, ауылдық елді-мекендердегі медициналық-санитарлық және диагностикалық көмекпен қамту, оның ішінде жылжымалы медициналық кешендердің қызметтерінің сан-сапасын атап өтті. Баяндама негізінде жиынға қатысушылар баяндамашыға күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтар қойып, ұсыныстар жасап, пікірлерін ортаға салды.

ПІКІР ЖАЗУ