Түлкібас аудандық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен кездесу өтті

 25 қараша күні Түлкібас аудандық «Аманат» партиясы ғимаратының мәжіліс залында Түлкібас аудандық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен  «Әкелер мектебінің» ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі  негізінде  «Рухы биік әкелер – ұлт болашағын мәпелер» тақырыбында  кездесу өтті. Кездесуді Түлкібас аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы орынбасары Қыдыралиев Бөрібай модератор болып отырысты жүргізді.

Кездесуге Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Анарбаев Қайрат Сапарханұлы, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Түлкібас аудандық филиалы, Облыстық Ардагерлер кеңесінің баспасөз және жауапты хатшысы Тажибаева Балзия Тынышбайқызы, Түлкібас ауданындағы мектептердің бастауыш ардагерлер ұйымының төрағалары, Түлкібас ауданындағы әкелер кеңестерінің төрағалары қатысты.

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Анарбаев Қайрат Сапарханұлы өз баяндамасын халыққа ұсынып, ғибратты әңгімелер айтып, қойылған сұрақтарға жауап қайтарды.

Жиын барысында Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Түлкібас аудандық филиалы басшысы А.Нуранов: Oтбaсы – барлығымыздың жүрегімізге ең жақын сөз. Ол – махаббат пен тыныштықтың, мейірім пен жарасымның, қуаныш пен мерекенің мекені. Адам баласының өсіп-өнетін алтын ұясы. Сол отбасыдағы әке тәрбиесінің орны ерекше. Адамгершілік, қайырымдылық, әдептілік сияқты қасиеттер әкенің балаға берген үлгісімен сіңеді. «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт. Бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса. Он бес жастан асқан соң досыңдай сырлас». Бұл – халқымыздың бала тәрбиесіне қатысты ұстанған қағидасы. Ұрпақ тәрбиесіндегі осы тәсіл өзінің өміршеңдігін дәлелдеумен келеді. Біз ешқашан өзгенің таным-түсінігімен өмір сүре алмаймыз. Ұстанатын дініміз бен арқа сүйер салтымыз бар. Күнделікті өмірде дағдымызға айналған ғұрпымыз бар – деді.

Өткізілген іс-шараның мақсаты – бала тәрбиесіндегі әкелердің жауапкершілігін арттыру, елді мекендегі тұрақтылықты сақтау, жастарды имандылықпен қазақ халқының қадір-қасиетіне тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстану және отбасының татулығы мен бірлігін сақтау болып табылады.

ПІКІР ЖАЗУ