Түлкібас: аудан әкімінің орынбасары тағайындалды!

Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуовтың 2023 жылдың 9 қазанындағы №321 өкіміне сәйкес, Нұрлыбай Асыл Сәтбайұлы Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Нұрлыбай Асыл Сәтбайұлы 22.09.1988 жылы ОҚО, Түлкібас ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2014 жылы С.Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық университетін қаржыгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Отбасылы. 1 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр.

Еңбек жолын 2014 жылы Шымкент қаласы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы қызметінен бастап, Түлкібас ауданы, Майлыкент ауылдық округі әкімінің орынбасары, Шақпақ ауылдық округінің әкімі, Түлкібас ауданы әкімдігінің ТҮКШЖК және АЖ(ЖКХ) бөлімі мен Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы сынды жауапты қызметтер атқарған.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ