Түлкібас: аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов кезекті есебін Ақ биік ауылдық округінің тұрғындарына берді

Кездесу еркін форматта, пікір алмасумен өтті. Округ тұрғындары ауыл ішілік жолдарды жарықтандыру, ауыз су, көшелерді асфальттау сынды маңызды мәселелерді көтеріп, аудан басшысына бірнеше өтінімдер білдірді.

Аудан әкімі әрбір тұрғынның тілеуіне құлақ түріп, мардымды жауап берді. Айтылған мәселелерге жауапты мекемелердің басшылары істі нақтылап түсіндіріп, алдағы уақытта іске асатынын айтып жеткізді.

-Мен бөтен елден, басқа ауылдан келген жоқпын. Осы жерде туып, осы ауылда өніп-өстім. Менің жаным да, жүрегім де сіздермен бірге. Осы жауапты қызметке сәуір айының аяғында келдім. Дегенмен, мен қалағандай, сіздер қалағандай шаруаларды дөңгелету үшін қаржы керек. Бірақ мен бұл қызметке келгенде ағымдағы жылдың бюджеті бекітіліп, біраз шаруалардың жобасы жүріп жатқан еді. Ал қазір сіздердің айтып жатқан тілек өтініштеріңіз алдағы жылдың жоспарына енетін болады. Бірлесе жұмыс жасап, бірлікте болғанға не жетсін-, деп жиынды қорытындылады аудан басшысы Нұржан Жақсылықұлы.

ПІКІР ЖАЗУ