Түлкібас: “Ақжелең” республикалық өнер байқауы

Түркістан облысының білім басқармасының Түлкібас ауданының білім бөлімінің “Балалар өнер мектебінің” оқытушылары Тараз қаласында өткен “Атадан-мұра” қоғамдық қорынының бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған “Ақжелең” Республикалық өнер байқауында “Аспапта ойнау” номинациясы бойынша оқушыларымыз үздік өнер көрсетіп, домбыра сыныбының оқытушысы Жумашев Нұрлан Түктібайұлының жетекшілігімен оқушысы Батырбек Батыйхан үлкен топтар арасында Бас жүлдені жеңіп алды. Алдағы уақытта Астана қаласына жолдама алды және Түркия елінде өтетін байқауға тікелей жолдама ұтып алды.

Қобыз сыныбының оқытушысы Өзбекова Жазира Расылханқызы жетекшілігімен “Кербез сұлу” ансамблі орта топтар арасында жүлделі І орынды жеңіп алды. Сондайақ Алматы қаласына жолдама алып және Түркия еліне тікелей жолдама ұтып алды.

Домбыра сыныбының оқытушысы Ибраимова Ботакөз Дәуренқызының оқушылары орта топ арасында өнер көрсетіп, Асилхан Диас І орын, Абай Архат жүлделі ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар Алматы қаласына және тікелей Түркия еліне жолдама ұтып алды.

Домбыра сыныбының оқытушысы Инкарбекова Айгуль Болатбекқызының жетекшілігімен оқушысы Бектеналы Жансая үлкен топтар арасында өнер көрсетіп ІІІ орынды иеленді.

Баян сыныбының оқытушысы Рахманбердиев Руслан Хайруллаұлы жетекшілігімен орта топ арасында өнер көрсетіп Ерошенко Климент жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Осы көрсетілген ұстаздарымыз үздік жетекші деп танылып, дипломдармен марапатталды.  Әріптестерімізді шын жүрек құттықтай отырып, толағай табыстар тілейміз!!!

ПІКІР ЖАЗУ