Түлкібас: ағайынды оқушылар 78 жастағы әжені құтқарып алды

Мейірімділік – адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен қайырымдылығын, білдіру болып табылады.

Қайырымдылық – адамның жоғары ізгілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан-дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. Ал, бұған батылдық қасиетті қоссаңыз – жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді.

2023 жылы қазан айының 14 жұлдызы күні сағат 11.30-дар шамасында М.Әуезов атындағы мектептің 9 «А» сынып оқушысы Мейірбек Ален мен ағасы Құрмет екеуі Машат өзенінде ағып бара жатқан адамды байқап қалады. Суға бір батып, бір шығып бара жатқан адамды құтқару үшін ағайындылар өзенге жан ұшыра түсіп, ептілік пен ағып бара жатқан 78 жастағы әжейді көтеріп, судан шығарып алады. Сөйтіп, бірден «Жедел жәрдем» шақырып, әжейдің отбасына хабар береді. Анықтағандай үйінен 600 метрдей қашықтықта ағып бара жатқан әжей Орынкүл Жаңабаева есімді зейнеткер-ұстаз болып шықты. Қазіргі таңда әжейдің жағдайы жақсы.

Иә, қиын-қыстау сәтте қарағылық танытып, ержүректілікпен батырлық танытқан ағайынды Құрмет, Ален Мейірбектерге ауыл тұрғындарымен мектеп ұжымы алғыстарын білдіруде.

ПІКІР ЖАЗУ