Төлебиде Төле би бабаның ескерткіші бой көтерді

Халқымыздың тарихында аты қалған тұлғалардың бірі – Төле бидің ескерткіші орнатылды. Мүсіннің биіктігі 15 метр, Еліміздегі ең үлкен ескерткіштің постаментімен есептегенде жалпы биіктігі 23 метрді құрайды. Бұл ең жоғарғы нүкте болғандықтан, алыстан менмұндалап тұр. 25 тонна тартатын мыстан жасалған Төле бидің ескерткіші еліміздегі ең биік мүсіннің бірі болмақ. Оң қолын көтеріп еліне «Сәлемін» жолдап тұрған еңселі ескерткішті бірнеше мүсіншіден құралған топ жасады.

Алдағы уақытта Төле би ауданының ақсақалдарының ақылдасуымен, Бабаның айтқан сөздері, мүсіннің тасына қашалып жазылмақ. Суретші Сұлтан Ілияев пен қырғыз скульпторы Мирлан Османалиевтің қолынан шыққан алып ескерткіщ, меценат, «Сити-Строй» Корпорациясының директоры Әсет Қайыпбековтің бастамасымен жасалынды.

Еңселі ескерткіш тұғырына қойылғанымен, саябақ аумағындағы толыққанды жұмыстар алдағы уақытта аяқталатын болады.

ПІКІР ЖАЗУ