Төлеби: тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев Ленгір қаласында өткен кездесуден кейін тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келгендер тұрғын үй кезегі, әлеуметтік көмек, балалар ойын алаңшасын орнату мәселелерін сөз етті.

Тұрғындар өтініш-тілектерін аудан әкіміне жеке-жеке жеткізіп, түйткілдердің оң шешiм табуына ықпал жасауды сұрады.

Азаматтардың басым бөлігінің өтініші қабылдау барысында шешімін тауып, жауапты тұлғаларға жүктелсе, қалған арыздар бойынша заңдарға сәйкес, түсініктеме мен кеңес берілді. Жеке қабылдауда көтерілген барлық мәселенің орындалуы аудан әкімінің жеке бақылауында.

Тұрғындардың өтiнiштерiн мұқият тыңдаған Төлеген Тұртайұлы азаматтардың тарапынан айтылған мәселелердiң заңдылығына сәйкес, оңтайлы шешiмiн табуы үшiн тиiстi жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізіп, сала басшыларына тапсырмалар берді.

ПІКІР ЖАЗУ