Төлеби: тапсырма орындалуымен құнды

Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Төлеген Телғараевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Жиынның күн тәртібіне сәйкес, үш мәселе қаралып, орындалу барысы талқыланды.

Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасының орындалу жөнінде аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Сейдуалы Құлманов баяндады. Түркістан облысы әкімі тарапынан өткізілген басқосуларда барлығы 102 тапсырма түссе, оның орындалғаны 54, орындалу мерзімі келмегені 20, тұрақты түрде атқарылуы тиіс 28. Белгіленген себептерге байланысты мерзімі ұзартылған тапсырмалар, тұрақты түрде атқарылуы тиіс жұмыстарды тиісті деңгейде орындалу  қажеттігін айтқан аудан басшысы бақылауды аппарат басшысына жүктеді.

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Бейбіт Төлешов аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалу деңгейін баяндады. 2023 жылдың басынан аудан әкімінің төрағалығымен 27 аппаратық мәжіліс, 52 рет халықпен кездесулер өткізілді. Нәтижесінде 79 хаттама түзіліп, 310 тапсырма берілгенін айтқан баяндамашы 2 тапсырманың орындалмай қалу қаупі бар екенін жеткізді.

Төлеген Тұртайұлы жыл басынан бері 70 қабылдау өткізіп,  197 азаматты жеке мәселелері бойынша қабылдаған. Қабылдау барысында тұрғындар көтерген 272 мәселенің 200-і бойынша  түсіндіру жұмыстары жүргізілсе, заң аясында қаралатын, мерзім қажет ететін 19 тапсырма орындалу үстінде, 53-і оң шешімін тапқан.  Бұл жөнінде аудан әкімі аппаратының әкімшілік және құжаттандыру қамтамасыз ету  бөлімінің бас инспекторы Ақмарал Қалменова хабарлады.

Жиын барысында берілген тапсырмалар жан-жақты қаралып, оларды орындауға байланысты нақты шешімдер қабылданды.  Аудан әкімі берілген тапсырмалар мен міндеттемелерді орындауда ешқандай кемшілікке жол берілмеуін қатаң ескертті. Сондай-ақ, тапсырмаларға немқұрайлы қарамай, орындаушылық тәртіпті күшейтуді тапсырып, тапсырмалар орындалмаған жағдайда, яғни жауапсыздық танытқан дербес бөлім басшылары мен ауылдық округтерінің әкімдеріне тиісті шара көрілетіндігі ескертті.

ПІКІР ЖАЗУ