Төлеби: «Саналы қарым-қатынас: отбасында, мектепте, қоғамда тиімді коммуникация дағдылары» тақырыбындағы конференция өтті
Төлеби аудандық мәдениет үйінде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акция аясындағы «Саналы қарым-қатынас: отбасында, мектепте, қоғамда тиімді коммуникация дағдылары» тақырыбында конференция өтті.
Төлеби ауданының білім бөлімінің басшысы Бекайдар Тойлыбаевтың модераторлығымен өткен жиынға ата-аналар, қамқоршылық кеңес төрағалары, тәрбие орынбасарлары, мектеп педагог-психологтары қатысты. Конференция барысында «Өзіңе өмір сыйла!» сахналық қойылымы, тақырыптық бейнероликтер қойылып, «Әлем балалар көзімен» көзімен көрмесі ұйымдастырылды.
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев іс-шараның мақсаты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда отбасының рөлін нығайту екендігін айта келіп жиынды ашып берді. Түркістан облысы ата-аналар қауымдастығының төрайымы Ақбаян Жақыпова «Заманауи отбасы құндылықтары» атты презентация жасап, қатысушылармен бірге тақырыпты кеңінен талқылады.