Төлеби: пошта қызметкерлері марапатқа ие болды

9 қазан – Дүниежүзілік пошта қызметкерлерінің күніне орай, «Қазпошта» акционерлік қоғамы Төлеби аудандық филиалы ғимаратында мерекелік жиын өтті. Салтанатты іс- шара Жазылушылар күніне арналып, келушілер аудандық, облыстық, республикалық газет-журналдарға жазылуда.

Мерекелік басқосуға Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев арнайы қатысып, 1993 жылы құрылған мекеме қызметкерлерін мерейтойымен құттықтап, хат-хабар таратып, халыққа қызмет етіп жүрген бірқатар азаматтарға «Алғыс хат» табыс етті.

Пошта – еліміздің барлық тұрғынына қолжетімді жалғыз әлеуетті желілік құрылым. Оның барлық өңірлерде филиалдық желісі қызмет етеді. Сала уақыт ағымына сай цифрландыру жүйесіне еніп, ішкі және халықаралық жолданымдарды қадағалап отыратын «EMS Kazpost» секілді халықаралық қызметті сапалы атқаруда. Сондай-ақ, пошта арқылы төлем карточкасын алып, аударымдар дер кезінде жүзеге асуда. «Қазпошта» АҚ-на ИСО 9001:2000 халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігі жөнінде халықаралық сапа сертификатына ие болған. Бұл дегеніміз, компанияның басқару жүйесі халықаралық стандарттарға толығымен сай келетіндігін көрсетеді.

Пошта қызметкерлерін төл мерекесімен қала әкімінің орынбасары Қуаныш Татыбаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы құттықтап, өз саласында жетістіккке жеткен азаматтарды «Алғыс хатпен» марапаттады.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ