Төлеби: қала, ауылдық округтердің бюджеті талқыланды

Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Төлеби ауданы мәслихатының сегізінші  шақырылымдағы  кезектен тыс жетінші  сессиясы өтті. Сессияға  аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров төрағалық етіп, оған аудан әкімі Төлеген Телғараев қатысып отырды.

Сессияда Төлеби аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №24/137-VII  «2023-2025 жылдарға арналған қала, ауылдық округтер  бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансұр Ашрапов баяндады.

Мансұр Жаналиұлы бюджет жобасын халық қалаулыларының қарауына ұсынып,  тұрақты комиссиялар отырысында айтылған ұсыныстар мен пікірлер ескерілді.

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында сөз алған аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы ауданның аграрлы аймаққа жататындығын, сондықтан мемлекет тарапыпан берілетін бағдарламалардың жүзеге асуы үшін шаруаларға қолдау қажеттігін айтып, ауылшаруашылық саласын экономиканың негізгі драйверіне айналдыру мақсатында бірлесіп еңбек етуге шақырды.

Сессия барысында қаралған мәселе депутаттардың қолдауына ие болып,  бірауыздан шешім қабылдады.

ПІКІР ЖАЗУ