Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушылары «Roboland 2022»VIІ Халықаралық робототехника фестивалінде жүлдемен оралды

Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігі мен Қарағанды облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 4-5 қараша аралағында «Roboland 2022» VIІ Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі Қарағанды қаласы, «Жастар» спорт кешенінде, «Шахтер» стадионында өткізілді.

Robоland – бұл жаңа кездесулер мен тәжірибелер, қызықты жарыстар және ынталы көрермендер.

Іс- шараның мақсаты оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, техникалық пәндерді дәріптеу, білім беру робототехникасының мүмкіндіктерін көрсету. Халықаралық фестивалге Қазақстан, Ресей, Греция, Өзбекстанның, Қырғызстан және т.б мемлекеттерден 800-ге жуық қатысушы қатысты.

Аталған іс-шараға Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушылары Рахматтула Ақжол, Балғабай Бағжан «Roboland Kazakhstan» категориясынан жүлделі ІІ орынды, Кенжебек Сұлтан, Аманхан Алихан «Ралли» категориясынан жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Қазіргі таңда әлем  көз ілеспес  жылдамдықпен  өзгеріп жатыр. Кеше фантастика болған робот, робототехника осы жаһандану дәуірінде «ақылды» құрылғылар ретінде өмірімізге дендеп ене бастады. Бүгінде түрлі салада адамдар осы роботтардың көмегіне жүгінеді. Сол себепті бүгінгі біз өмір сүріп отырған қоғам  техниканың қыр-сырын білуді қажет етіп отыр. Өйткені, XXI ғасыр – робототехниканың заманы. Нәтижесінде балалардың кішкентай кезінен бастап креативтілігі, логикасы  мен жан-жақты ойлау қабілеті дамиды. Бастысы болашақта мамандық таңдауда да өз пайдасын тигізетіні анық.

ПІКІР ЖАЗУ