Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2022 жылдың 10 айлық есебі

Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт  бөлімінің 2022 жылдың 10 айында атқарған

 жұмыстары туралы есебі.

 

Салауатты өмір салтын қалыптастыру – әрбір азаматтың міндеті. Еліміздің келешегі жастар десек, әлеуметтік -экономикалық  жағынан жан-жақты дамыған, өркениетті, мәдениетті мемлекет құруымыз үшін ұрпағымыздың дені сау, салауатты болуы міндетті. Шынығу – салауатты өмір салтының негізі.

 

1.Спорт ғимараттары.

Аудан тұрғындарының спортпен тұрақты шұғылдануына ықпал жасау және ұлтаралық қатынастарды нығайту  мақсатында ауданда 397 спорттық нысандар жұмыс істейді. Соның ішінде: 1- «Жастық»стадионы,  1-тау шаңғы базасы,  2-жүзу бассейіні, 1- «Бәйшешек» оқу жаттығу орталығы, 67-спорт залдар, 4-спорттық сауықтыру кешені, 8-мылтық ату тирлері, 294-ашық спорттық ойын  алаңдары, 6 – футбол манежі, 13 – бейімделген спорт залдар бар.

Ауыл тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту мақсатында ауданда 70 стрит-воркаут қондырғылары орнатылған. 2022 жылы 14 стрит-воркаут қондырғылары Ленгер, Алатау, Бірінші Мамыр, Көксайек, Қаратөбе, Қасқасу, Қоғалы ауыл округтерінен салынуда.

 

                Төлеби ауданы бойынша спорт нысандары туралы мәлімет
Нысан атауы 2019 жыл 2020 жыл 2021 жыл 2022 жыл

10 айы

  Спорт ғимараттарының жалпы саны 371 390 397 397
Оның ішінде:
1. Стадиондар 1 1 1 1
2. Спорт кешендері 3 3 4 4
3. Футбол манежі 5 5 6 6
4. Жүзу бассейндері (талапқа сай 20х40) 2 2 2 2
5. Спорт залдары 55 67 67 67
6. «Бәйшешек» оқу-жаттығу орталығы 1 1 1 1
7. Тир алаңдары 8 8 8 8
8. Жазық алаңшалар 282 289 294 294
9. Ыңғайластырылған спорт залдар 13 13 13 13
10. Тау шаңғы базасы 1 1 1 1

 

2.Бұқаралық спорт.

Аудан көлемінде жыл басынан жоспарға сәйкес мектеп оқушылары арасында спорттың 10 түрінен мектеп лигасы, аудан жастары арасында спорттың 10 түрінен, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорт түрлерінен аудандық спартакиадасы, жасөспірімдер арасында футбол, баскетбол, волейбол, бокс, дзюдо, жеңіл атлетикадан, ардагер, зейнеткерлер арасында шахмат, бильярдтан түрлі деңгейдегі аудандық жарыстар өз деңгейінде ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар,Төлеби ауданында көкпардан жастар арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті және  пробация қызметінде есепте тұрғандар азаматтар арасында кіші футбол, арқан тарту, кір тасын көтеру спорт түрлерінен  аудандық  спартакиада  өткізілді.

2022 жылдың 10 айында спортпен шұғылданушылар саны 46100 адамға жетіп отыр. Яғни жалпы халықтың 38,4  пайызын құрауда.

 

 

Аудан

Дене шынықтыру және спортпен ұдайы шұғылданушылар саны
2019 жыл

 

2020 жыл

 

2021 жыл

 

2022 жылдың

10 айы

Төлеби  

35556

 

38888

 

41510

46100 адам немесе жалпы халықтың 38,4 пайызы

 

2021 жылы 188 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған                    28227 – ге жуық адам қатысса, 2022 жылдың 10 айында 92 спорттық іс-шаралар өткізілді. Оған қамтылған адамдар саны 32860 адамды  құрады.

 

Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша өткізілген

спорттық іс-шаралар саны

Көрсеткіштер 2019 жыл

 

2020 жыл

 

2021 жыл

 

2022 жыл

10 айы

Жалпы іс-шаралар саны 636 115 188 92
Қамтылған адам саны 50124 14260 28227 32860

 

  1. Спорт резервін дайындау жағдайы

Ауданда бүгінгі таңға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты 3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен 2 мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында құрылған спорт клубтары және су спорт түрлерінен олимпиадалық спорт мектебі жұмыс атқарады.

№1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Исабаев Данияр Шыңғысұлы. Бұл мектепте 478 жасөспірімдер 36 топтарда спортпен шұғылданады. Жаттықтырушылар саны 15 адам.

№2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры                Ордабаев Ғани Оңғарұлы. Бұл мектепте 1144 жасөспірімдер 83 топтарда спорттың 12 түрімен шұғылданады. Жаттықтырушылар саны 30 адам.

№3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры                     Катаев Алибек Жолымбекұлы. Бұл мектепте 1922 жасөспірімдер 150 топтарда спорттың 11 түрімен шұғылданады. Жаттықтырушылар саны 65 адам.

 «Алмас қылыш» спорт клубының директоры Серік Сыдықұлы. Аталған спорт клубында 384 жасөспірімдер 32 топтарда спорттың 8 түрімен тегін шұғылдануларына мүмкіндік жасалған. Жаттықтырушылар саны 8 адам. Ленгір қаласында орналасқан.

«QAZAQ BATYRY»спорт клубының директоры Бейсебаев Еркінбек Жаппарович. Аталған спорт клубында 384 жасөспірімдер 32 топтарда спорттың 6 түрімен тегін шұғылдануларына мүмкіндік жасалған.Жаттықтырушылар саны 9 адам. Көксәйек ауылында орналасқан.

Бұл спорт мектептерінде жасөспірімдер бокс, еркін күрес, қазақ күресі, самбо, кик-бокс, дзюдо, муай-тай, таэквандо, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, жеңіл атлетика, футбол, баскетбол, волейбол, гір көтеру, армерслинг, пауэрлифтинг, джиу-джитсу жауынгерлік өнер спорт түрлерімен шұғылданады.

Жалпы аудан бойынша балалар мен жасөспірімдерге 127 кәсіби жаттықтырушы-мамандар 4312 оқушыға жаттығу сабақтарынан білім береді.

Ауданда елміздің атын әлемге танытып жүрген спортшылар аз емес. Атап айтқанда: Оспанов Арман әскери самбодан 3 дүркін Әлем чемпионы атанды. Тұяқбай Аида Индия мемлекеті Пуне қаласында Азия чемпионы атанды, Сайлау Арман бокстан Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасы Президенті Кубогының халықаралық жарысында чемпион атанды, Рахметова Әйгерім жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері, Сабитов Бақдаулет қазақ күресінен Қытайда өткен Азия чемпионатының алтын жүлдегері атанды. Шелест Владимир пауэрлифтингтен Шымкент қаласында өткен параолимпиада ойындарының қола жүлдегері, аударыспақтан Қытай мемлекетінде өткен Азия чемпионатында жерлестеріміз Жұмалиев Түймебек, Ізбасаров Сырым, Қосалиев Біржандар Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ Қожамсүгір Аружан кикбокстан Ирландия мемлекетінде өткен әлем чемпионатында күміс медалге ие болып қайтса, Дауытбек Қаршыға Алаш Прайд спорт түрінен Әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар Набиев Мади Грекия мемлекетінде самбодан өткен ардагер спортшылар арасындағы  Әлем чемпионатында алтын жүлдені жеңіп Әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ, 2018 жылы Анарбай Әсет Тайландта аралас жекпе-жектен (жеткун до) әлем чемпионы атанды. Байкамуров Марат самбо күресінен Монғолияда Азия чемпионы атанса, Сабырхан Махмут Тайландта бокстан Азия чемпионы атанып алтын медалді иеленді. Ал, 2019 жылы Жапонияның Токио қаласында жастар және жасөспірімдер арасында пауэрлифтингтен Әлем чемпионаты өтіп бұл байрақты додада жерлестеріміз Кувалдин Иван және Абдырова Ирода алтын жүлдені тағып Әлем чемпионы атанса, Гладкова Алена күміс, Ким Андрей және Арсланова Альмира қола медалді иеленді. Кикбокстан Базарова Илина Қазақстан Республикасының үш дүркін чемпионы атанса, бокстан Қызылорда облысында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында Үсіпәлі Бекарыс күміс жүлдеге ие болды. Осындай тағыда басқа көптеген дарынды спортшыларымыз ауданымыздың және облысымыздың туын көтеруде.

Алдағы тұрған мақсаттар мен міндеттер:

Бірінші Мамыр ауылынан заманауй үлгідегі футбол алаңшасы және кіші футбол кешенінің құрылысын 2022 жылы бастау үшін «Ауыл ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 466,982 млн  қаралып, мердігер мекеме «Арт құрылыс» компаниясы жеңімпаз болып танылды, нысан басында құрылыс жұмыстары жүргізілуде нысан 2023 жылға ауыспалы.

2024 жылға Көксәйек ауылынан құны 920,0 млн  заманауй үлгідегі спорттық кешенін салу үшін қазіргі таңда жоба сметалық құжаттамалары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Қаржыландыру үшін облыстық тиісті басқармаларға ұсыныстар енгізілді.

Көксәйек ауылынан құны 920,0 млн, Жоғарғы Ақсу ауыл округі Мәдени ауылынан құны 520,0 млн, Бірінші Мамыр ауылынан құны 466,982 млн .

Аудан спортының дамуына ерекше көңіл бөлу арқылы ауданымызда дарынды спортшыларды баптап, мемлекетіміздің даңқын шығару жолындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізілуде.

ПІКІР ЖАЗУ