Төлеби ауданының әкімі Бірінші Мамыр ауылдық округі халқымен кездесті

Бүгін Бірінші Мамыр ауылдық округінде аудан әкімінің халқымен кезекті кездесуін жалғасын тапты. Басқосу барысында аудан әкімі III тоқсандағы кездесуде тұрғындардың көтерген мәселелері шеңберінде атқарылған жұмыстар барысын баяндап шықты.

Бірінші Мамыр ауылдық округінде Зағамбар елді мекендегі ұзындығы 5,12 шқ шақырым Астана, Мереке, Адыраспан, Алмалы, Ақбидай, Тағайна елді мекендегі ұзындығы 0,86 шқ Байлық көшесін орта жөндеуден өткізуге сметалық құжаттамалары әзірленіп, 2023 жылы «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында орта жөндеуден өткізуге салалық басқармаға бюджеттік өтінім жолданғанын айтты. Бірінші Мамыр елді мекендегі М.Әуезов көшесінде 2,1 шқ электр жүйесін жаңарту бойынша ЖСҚ әзірленіп, құрылысына 2023 жылы қаржы қарауға бюджеттік өтінім берілетінің және Әшірбай көшесінде 1,9 шқ электр жүйесі мен 72 бағана, Д.Қонаев, Рауан, Бұлақ көшелеріне тарайтын №732 трансформатор, Алғабас елді мекендегі Бірлік көшесінде 3,5 шқ электр жүйесі мен 114 бағана орнатылып, электр жүйелері іске қосылғандығын айтты.

Азаматтардың талап-тілектерін мұқият тыңдаған аудан басшысы айтылған мәселелердің заңдылығына сәйкес, оңтайлы шешім табу үшін жұмыстар кезеңімен жүргізілетіндігін жеткізді.

Төлеби ауданы мәслихатының баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ