Төлеби ауданының әкімі Алатау ауылдық округінің мәселелерін тыңдады

 Алатау ауылдық округінде бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімі халқымен кезекті кездесуі өтті. Кездесу барысында аудан әкімі III тоқсандағы кездесуде тұрғындардың көтерген мәселелері шеңберінде атқарылған жұмыстар барысын баяндап өтті.

Алатау ауылдық округі Қосағаш елді мекендегі ұзындығы 1,5 шқ С.Әбдікерімұлы көшесіне тас төсеу үшін сметалық құжаттамасы әзірленіп, мердігер «ДМ СтройГрупп» ЖШС анықталып келісім шартқа отырды. 2023 жылға ұсынылған жолдар Біркөлік елді мекендегі – М.Махатаев, Боралбай, Л.Хамиди көшелерін және Екпінді елді мекендегі – Шалқар, Б.Саттарханов, Ақтоғай көшелерін орта жөндеуден өткізу үшін сметалық құжаттамалар әзірленгенін айтты.

Біркөлік елді мекендегі – Қазақстан, Махатаев, Бұлақты №1,2,3, Өгем көшелеріне және Екпінді елді мекендегі Назарбеков, Беткейлі, Тараз көшелеріндегі электр жүйелері жаңартылуда, 7 трансформатор, 160 бағана ауыстырылатын болады.

Кездесуде аудан басшысы көтерілген барлық мәселелер бойынша сала басшыларына тапсырмалар беріп, оның орындалуы өз бақылауында болатынын айтты.

Төлеби ауданы мәслихатының баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ