Төлеби ауданында түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

“Жастар ресурстық орталығы” КММ қызметкерлері Төлеби аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе кезекті түнгі рейд жұмыстарын ұйымдастырды.

Мейрам күндері қарсаңында ойын-сауық мекемелері, кафелерді аралап, әкімшілігіне сағат 22.00-ден таңғы 06.00-ге дейін кәмелет жасқа толмағандарды заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз кіруіне, тыйым салынған заттарды балаларға сатылуына жол бермеу керектігі туралы жеткізілді.

Негізгі мақсат балалардың қауіпсіздігі!!!

Рейд нәтижесі бойынша жалпы 12 ойын-сауық мекемеге, кафеге түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Құрметті ата-аналар мерекелер қарсаңында, балаларымыздың жүріс-тұруын әрдайым қадағалауыңызды сұраймыз.

ПІКІР ЖАЗУ