Төлеби ауданында да “Менің елім-менің туым “ экоакциясы жалғасын тапты

«25-қазан Республика күні» мерекесін атап өту іс-шара жоспарына сәйкес, «Менің елім – менің туым» акциясы аясында Төлеби ауданында жаппай сенбілік өтті. Сенбілік аудан аумағындағы 12 ауылдық округ, 1 қалада ұйымдастырылып, барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлері белгіленген аумағын тазалады.

Тазалық күнінде «Төлеби саябағы» аумағы тек қоқыстан тазартылып қана қоймай, шөптері шабылып, қураған ағаштары кесілді. Сенбілікке аудан әкімі Төлеген Телғараев қатысып, ауданның шырайын әрлендірумен қатар үздік экологиялық таза аймаққа айналдыру бағытында іс-шараның барысына көңіл бөлді.

Сенбілікке қатысушылар қажетті мөлшерде құрал-саймандармен, қоқысты жинауға арналған қапшықтар және қолғаптармен қамтамасыз етілді. Аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы ауданның санитарлық жағдайын жақсарту үшін тазалық акциясына қатысқандармен тілдесіп, еңбектеріне сәттілік тіледі.

Тазалық күнінде аудандағы тротуарлар, ирригация жүйелері сынған бұтақтардан, қураған жапырақтардан және қоқыстардан тазартылды. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау, туған жерді таза ұстау әрбір азаматтың басты міндеті екені ескеріліп, тазаланған аймақтағы қоқыстар арнайы техникамен полигонға жеткізілді.

ПІКІР ЖАЗУ