Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Төлеби ауданы қыс мезгіліне толықтай дайын

Қазақ әу бастан «қыстың қамын жаз ойла», – деп бекерге айтпаса керек. Күз мезгілінен бастап қысқа дайындық басталып кетті. Таулы аймақта орналасқан Төлеби ауданы «Жарық-жол» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің техникасы алдағы маусымға толықтай дайын. Бұл жөнінде мекеме басшысы Асқар Тұртаев әкімдік жиынында мәлім етті. Бүгінде аудан аумағындағы автокөлік және жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды қардан тазалауға арналған техникалар толығымен тексеруден өткен.

Aудан көлемінде қардан тазалау және тұз аралас құм шашу жұмыстары жүргізілетін мекемеге қарасты жалпы жолдардың ұзындығы – 170,05 шақырым. Қазіргі таңда қорда бар 778 куб (текше) метр құм мен 100 тонна тұз биылғы қыстан қиындықсыз шығуға жеткілікті деп жоспарлануда.

Аудан аумағындағы автомобиль жолдарына қыс мезгілінде күтім жүргізу жұмыстары үшін 9 бірлік қар тазалау техникасы ұсынылып отыр. Атап айтсақ, олар:

  1. Камаз евро 2
  2. Погрузчик Lw300F
  3. МТЗ 82.1
  4. МТЗ82.1
  5. Уаз 396259
  6. Автогрейдер ГС-14.02
  7. МТЗ 82.1
  8. МТЗ 82.1
  9. Спец Камаз.

Қыс кезінде көшелерде тазалық жұмыстарын қамтамасыз етуге қоғамдық жұмысшылар жұмылдырылады. Бұл жұмысшылар аудан аумағында орналасқан аялдама және басқада қоғамдық орындарда тазалық жұмыстарын жүргізетін болады. Жинақталған қар көлемі қала сыртындағы бос жер телімдеріне және ТҚҚ жинақтауға арналған полигонға шығарылады.

 

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Балалардың спорттық және шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған орындар ашылуда

admin

Елорда тұрғындары 2,1 млрд теңге көлік салығын төлемеген

admin

Шымкентте ​ құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді

admin