Тоқаев жұмыс сапарымен Әзербайжан Республикасына барды

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Абдулла оғлы Эюбов қарсы алды.

Шуша қаласында өтетін саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

ПІКІР ЖАЗУ