Тоқаев ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне қатысады

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейресми кездесуге қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21-22 желтоқсан күндері Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы мен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барады, – делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Еске салайық,Тоқаев Жапонияға сапары аясында “Орталық Азия – Жапония” диалогының бірінші саммитінде сөз сөйледі.