Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ӘлемЖаңалықтар

Тоқаев ресми сапармен Вьетнамға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Во Ван Тхыонгтың шақыруымен 20-22 тамыз күндері Ханойға ресми сапармен барады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Вьетнам елінің басшылығымен келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өнеркәсіп нысанын аралап көріп, Вьетнамның ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан қаласы әкімідігінің ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкеде өнімдер қолжетімді бағада сатылуда

admin

«Форум мен іссапарға ақша жоқ»: Қазына қаражаты үнемделді

admin

Бұлақ көрсең, көзін аш: Алматы облысында 1500 адам «Мөлдір бұлақ» акциясына қатысты

admin