Тоқаев Лиссабондағы апатқа байланысты Португалия Президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Лиссабондағы апатқа байланысты Португалия Президентіне көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Лиссабон орталығындағы апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты Президент Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соуза мен барша португал халқына көңіл айтты.
Қазақстан Президенті бақилық болғандардың туыстарын сабырға шақырып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестігін жеткізген.