Тоқаев креативті индустрияға қатысты түзетулерді бекітті

 Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Заң аясында кинематография мәсе­ле­лері мен жастар саясатын реттей­тін салалық заңдарға да қатысты өзгеріс­тер енгізілді. Мақұлданған заң бірыңғай сая­сат шеңберінде креативті индус­трия­ларды дамытуға, шығармашы­лық әлеует­ті экономиканың бір бөлігіне ай­­нал­­дыруға, мәдени және креативті өнім­­д­ердің сапасы мен мағыналық то­лық­­тығын арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл ретте жастарды шығармашылық қызметке тартуға жәрдемдесу, олардың осы саладағы бастамалары мен жобаларын қолдау жөніндегі нормалар туралы сөз болып отырғанын атап өткен жөн.

Біз бұған дейін кинотеатрда көрсетілетін фильмдер енді сараптамадан өтетіні жайында жазған едік.